Қазақстандық бизнес іскер әріптестерін таңдауда өз құқығын қорғап жатыр

Әріптестікте еркіндік талап етіледі

Қазақстандық бизнес іскер әріптестерін таңдауда өз құқығын қорғап жатыр

 «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 11 қаңтар күні Қазақстан мен Ресейдің Ауыл шаруашылық вице-министрлерінің кездесуі өтеді деп хабарлайды. Кездесуге «Атамекен» ҚР ҰКП басшылығы, салалық қауымдастықтар мен бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысады, онда Қазақстанға үшінші мемлекеттерден қант шикізатын мен ақ қант әкелудегі қолданыстағы жеңілдіктер мәселесі талқыланбақ. 

2017 жылдың 25 қазанында Еуразия Үкіматарлық кеңесінің ЕАЭО мемлекеттері басшыларымен өткен жиналысында Ресей тарапы бастамасымен «Шикі қантты және ақ қантты импорттауға және олардың қант нарығына әсеріне қатысты Одаққа қолданылатын тарифтік пайданы талдау туралы» тапсырма беріліп, келесі отырысқа талдау жасау ұсынылған. 

Өз кезегінде Ресейдің Қазақстанға үшінші мемлекеттерден қантты импорттауда жеңілдіктерді жою туралы бастамалары Ресей Федерациясындағы өздері шығаратын қанттың көп өндірілуімен байланасты болып отыр. 

2017 жылы Ресей қант зауыттары шамамен 6,6 млн тонна ақ қант өндірген, елдің ішкі тұтынуы 5,8 млн тоннаны құраған. Орын алған жағдайға байланысты Ресесй тарапы Қазақстандағы шикі қант импортына жеңілдігін орынсыз деп санайды. 

Алайда, заманауи нарық жағдайында қазақстандық бизнес ЕАЭО мүше-мемлекеттері мүддесіне жалтақтамай, қаржылық тиімділік әлеуетін еркін басқаруға  және «сапа-баға» талаптарына сай өнім таңдауға құқылы. 

 «Орын алған жағдайда мынаны түсінген жөн, шикі қант пен ақ қантқа қатысты Ресесй мен Қазақстан арасында екі елдің ынтымқтастығы мен ЕАЭО платформасы аясында экономикалық саясат туралы келісім жоқ. Қазақстандық бизнес іскер әріптестерді таңдауда кәсіпкерлік еркіндігін жоғалтқан емес», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Дана Жүнісова. 

Керісінше, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің ҚР-дың ДСҰ-ға қосулы мәселелерін талқылау шеңберінде ЕАЭО мүше мемлекеттердің басшылапы Қазақстанға бұрын импортталған шикі қант пен ақ қантты мүше мемлекеттерге 2019 жылдан бастап кедендік баж салығын шикі қант үшін 5% мөлшерінде, ал Қазақстанның ДСҰ бойынша міндеттемелеріне сәйкес арнайы келісімшарттар арқылы ақ қантты шығаруға тиым салу туралы келісім жасалды. 

Айта кетелік, отандық кәсіпорындар ресейлік әріптестермен жұмыс істеу тәуекелдерге толы – жеткізілімдер уақытнда орындамауы, ресейлік қант бағасының құбылып тұруы, төлемдер бойынша бөліп төлеудің болмауы осыған себеп. Мәселен, былтыр жазда ресейлік қанты бір апта ішінде 30%-ға қымбаттап кетті.  

 Осыған байланысты отандық қант өндірушілер қазақстандық ішкі нарықты ресецлік қанты жауалап алуына түбегейлі қарсы, бұл наразылық ұлттық БАҚ-та жарияланған. 

 Бұл мәселенің отандық бизнес үшін маңыздылығын ескере отырып «Атамекен» талқылаулардың барлық кезеңдеріне белсенді қатысып отыр. Келіссөздер қорытындылары жайында толық ақпарат Ұлттық палатаның ресми сайтында жарияланатын болады www.atameken.kz.


®Қабылан - Ақпараттық порталы™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Қабылан - Ақпараттық порталы » Қазақстандық бизнес іскер әріптестерін таңдауда өз құқығын қорғап жатыр
Тұрақты сілтеме: /A_news/2018-01-11/1003.html