Уақыт - Жан жараңды жазбайды

"Ал, уақыт — мүлде емдемейді. Ол жан жараңды жазбайды, тек бетін жаңа әсермен, соны көзқараспен, өмірлік тәжірибенің ақ дәкесімен таңып тастайды. Кей кезде бір нәрсеге ілініп қалып, ақ дәке шешіліп кетеді. Сонда жараға таза ауа тиіп кетеді. Жараң сыздап қоя береді... Жараңа жаңа тыныс сыйлайды. Уақыт — нашар емші. Ескі жараның жанды ауыртқанын ұмыттырғысы келеді. Бірақ күн өткен сайын жаңа жаралар жүрекке маза бермейді. Осылай өмірден жаралы сарбаздай еңбектеп өтеміз. Жыл өткен сайын жүректегі дұрыс таңылмаған жаралар көбейе береді, көбейе береді..."


Эрих Мария Ремарк

Аударған Шынар Әбілдә

Қабылан ақпараттық порталы



®Қабылан - Ақпараттық порталы™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Қабылан - Ақпараттық порталы » Уақыт - Жан жараңды жазбайды
Тұрақты сілтеме: /A_kop/zhuzadam/2017-12-20/984.html